Жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері қаралды
«Жол жүрісі туралы» Заңға мынаны көздейтін тұзетулер ұсынылады:
1) «орташа жылдамдығы» ұғымын және тәртібі мен оны санауын енгізе отырып қаладан тыс түзу учаскелерде «орташа жылдамдығын» асырғаны үшін жауапкершілікті көздеу;
2) мопед жүргізушілерінің жауапкершілігін механикалық көлік құралдарына теңестіру.
Ол үшін мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу және мопед жүргізушілерінің «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу енгізілуде, ал «А» және «В» санатының болуы «А1» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мынаны көздейтін тұзетулер ұсынылады:
- көлік құралдарының жылдамдығын рұқсат етілгеннен 60 км/сағат және одан жоғары шамаға арттырғаны үшін 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, ал қайта бұзған жағдайда 60 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл көздейтін қатаңдырылған жауапкершілікті енгізу;
- Балама жаза ретінде:
көлік құралдары жүргізушілері алғаш рет күндізгі уақытта сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін;
жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар үшін санкциядан айыппұлды алып тастау;
- жолды және жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін енгізу;
- Үкіметтің құзыретінен медициналық куәландыру қағидаларын бекітуді алып тастау.