Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды

13.03.2024 81

Заң жобасы аясында келесі негізгі түзетулер ұсынылады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды  бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында  ғалымдардың жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту тапсырылды.

Осыған байланысты заң жобасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтарға, сондай-ақ «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы үшін базалық және іргелі қаржыландыру шеңберінде негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге- ғылыми атағы үшін 25 еселенген АЕК дейін қосымша ақы белгілеу және «профессор» -ғылыми атағы үшін -50 еселенген АЕК-ке дейін  қосымша ақы белгілеу ұсынылады. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде көрсетілген қосымша төлемдер бекітілген сомалар шегінде көзделеді.

 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін гранттық қаржыландыру нысанындағы мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын өңірлер экономикасының түйінді проблемаларын шешу үшін ғылыми зерттеулерді іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде жергілікті бюджеттен тиісті қаржыландыруды көздей отырып, заң жобасында жергілікті атқарушы органдарға ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдар үшін қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру құқығын беру қажет.

Жергілікті атқарушы органдар үшін қаржыландыру қолда бар жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін болады. Бұл құзырет міндетті сипатта емес. Әрбір өңір қажеттілігіне қарай өздерінде осындай конкурстарды өткізе алады.

Заң жобасы шеңберінде «ғылыми этика» ұғымы енгізіледі, бұл зерттеушілердің салалық және халықаралық қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл процесінде этикалық қағидаттар мен стандарттарды сақтауына жол бастайды. Ғылыми салада бірыңғай тіл мен бірыңғай терминологияны түсінуге және құруға айқындық енгізеді.

Болашақта Ғылым туралы заңнаманы жетілдіру шеңберінде бұл норма прецеденттер туындаған жағдайларда ғылыми әдепті бұзғаны (сақтамағаны) үшін жауапкершілік шараларын көздеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ғылыми қызметті ынталандыру және ғалымдардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ елдің жетекші ғалымдарын әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру үшін заң жобасында түзетулер ұсынылған, оған сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдар осы ұйымда кемінде бес жылдан тұратын үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі болған кезде ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыстарды аяқтау мақсатында, ғылыми-техникалық сипаттағы ұйымның қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, бір жылға дейінгі мерзімге шығармашылық демалысқа құқығы бар. Бұл ретте шығармашылық демалыс он жылда бір реттен артық берілмейді.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерінің 1% шеңберінде ҒЗТКЖ-ға бөлінетін қаражаттың ашықтығы мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың міндетті мемлекеттік есебін жүргізу ұсынылады.

Бөлісу