Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.

18.12.2024 155

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»                          

 

Бірінші.Заңмен Конституциялық Соттың (2023 жылғы 6 наурыздағы 4 және 2023 жылғы 14 шілдедегі 22-НП) нормативтік қаулыларын іске асыру мақсатында құқық қорғау қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызмет туралы заңдарға қызметке қабылдауға қойылған мерзімсіз шектеу бойынша түзетулер енгізілген. Атап айтқанда,

1) кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмей, өкілеттігін тоқтатқан судьяларға осы қызметке тұруына мүмкіндік беріледі және

2) қатарынан 3 сағат және одан да артық уақыт дәлелсіз себеппен қызметте болмағаны үшін әскери қызметтен босатылған адамдарға да осындай мүмкіндік қарастырылған. 

Осы адамдар белгіленген мерзім өткеннен кейін осы қызметтерге орналаса алатын болады.

 

Екінші. Қылмыстық теріс қылық, ауырлығы аз және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға мемлекеттік қызметке қабылдана алмайтын мерзімдер белгіленді (қылмыстықтеріс қылық жасағаны үшін 3 жыл шектеулер, ауырлығы аз қылмыстар 5 жыл, ауырлығы орташа қылмыстар 8 жыл немесе кейбір қылмыс түрлерін жасағаны үшін  өмір бойына шектеу).

 

Үшінші. Мемлекеттік қызметшілерді жаңа қызметте бола тұра бұрынғы жұмыс орнында жасаған тәртіптік теріс қылықтары үшін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін норма қабылданды.

 

 

Төртінші. Басшылық лауазымдарына кандидаттарға талаптарды күшейту мақсатында мемлекеттік қызметке кіру үшін қойылатын жалпы шектеу мерзімдерінен 3 жылға артық шектеу ұсынылды.

Бесінші. Құқық қорғау қызметі мен әскери қызметте Президенттік және кадрлық резервтер алып тасталды. Сондай-ақ, қызметкерлерді бағалау жүйесі алып тасталып, оның орнына «цифрлық рейтинг» енгізілді.

Жоғары тұрған басшы лауазымына ұсынылуы үшін үміткер жоспардан тыс аттестатталып, полиграфтан өтетін болады. Басшы лауазымдарындағы қызметкерлерді ротациялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылды.                         Ротациялауғажататын басшы лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін ҚР Президенті  айқындайды.

 

Алтыншы. Конституциялық Соттың ратификацияланған халықаралық шарттардың басымдығына қатысты нормативтік қаулысын орындау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы заңдардың нормалары Конституцияға сәйкестендірілді.

 

Жетінші. 2023 жылғы 3 қаңтардағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңымен 2027 жылдан бастап азаматтың шығыстары оның кірістері сәйкес келмеген жағдайда, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылатыны және 3 жыл ішінде мемлекеттік қызметке кіре алмайтын талабы бекітілген болатын.

Осы Заңмен шектеулерді саралау тәсілдерін ескере отырып, қызметке қабылдауды шектеудің 3 жылдық мерзімін     2 жылға дейін қысқартты.

Бөлісу