Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы
Заңның мақсаты жұмылдыру кезеңінде де, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде де Қарулы Күштерді әскери оқытылған резервпен кепілді түрде толық жасақтауды регламенттеу болып табылады.
Заңнамалық актілерге әзірленген түзетулер әскери бөлімдерді даярланған кадрмен жасақтауға және жауынгерлік іс-қимылға дайын резервтегі күштерді құруға мүмкіндік береді.
Жауаптылық шараларын күшейту мақсатында басқа әскери қызметшілермен қатар «резервтегі әскери адамды» әскери қылмыстық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу бойынша түзетулер енгізілді. Олардың қылмыстық процеске қатысу кезіндегі қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Заңды қабылдау азаматтарға резервтегі әскери қызметті тұрғылықты жері бойынша әскери бөлімдерде өткеруге мүмкіндік береді.
Резервтегі әскери адамдармен келісімшарт үш жылға ерікті түрде жасалады.
30 күндік жиынды және ай сайынғы екі-үш күндік сабақты қоса алғанда, резервтегі адамдар жылына екі айдан артық емес даярлықтан өтеді.
Резервтегі адамдарды ұстауға арналған шығыс бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Резервтегі әскери адамдарға:
1) ай сайын – ең төменгі жалақы;
2) жиындардан өту кезеңінде – орташа айлық жалақы төлеу жоспарлануда.
Резервтегі әскери адам резервте қызмет өткерген кезеңде оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Заңды қабылдау мынадай белгілі бір оң әлеуметтік әсер береді:
- тұрғындардың мемлекетке және Қарулы Күштерге сенімі артады;
- резервтегі әскери адамдар қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленетін болады.
Резервтегі әскери қызметті енгізу бейбіт уақытта Қарулы Күштер санын ұлғайтпай, белгілі бір азаматтар санын қойылған міндеттерді орындауға әзір болуға дайындауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының озық су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір функцияларын Су ресурстары және ирригация министрлігіне беру нормасы әзірленді.
Заң жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының бес кодексіне және он төрт заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әзірленген нормалар елімізде резервтегі әскери қызметті енгізуге және су үнемдеу технологияларын қолдану есебінен жер иеленушілердің су ресурсын тиімді пайдалануы процесін үйлестіруге мүмкіндік береді.