«2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
«2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылған. Екіжақты келісімнің 3-бабында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелінетін Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 27-тобында жіктелетін мұнай және мұнай өнімдерін есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында олар Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілгендей кедендік декларациялауға жататыны белгіленді. Бұл шарттар Ресей тарабына мұнай өнімдерін экспорттық кедендік баж салығынсыз Қазақстан Республикасына әкету есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
2019 жылы Ресей тарабы екіжақты келісімнің 3- бабына өзгеріс енгізу туралы ұсыныспен шықты.
Ұсыныс Ресей Федерациясында кедендік декларациялау арқылы статистикалық есепке алуды жалғастыру болды, бірақ 2022 – 2024 жылдары мұнай және мұнай өнімдерін құбыр көлігімен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу кезінде уақытша мерзімді декларациялау рәсімін қолдануды алып тастады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден кодекстерінде уақытша мерзімді декларациялау рәсімі көзделген болатын.
Ресей тарабының Ресей мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына әкету кезінде уақытша мерзімді декларациялауды қолдануды жою туралы ұсынысы тек Ресей Федерациясы үшін ғана оң әсер етпейді, бұл қазақстандық кәсіпкерлерге сатушыны, жеткізу шарттарын және тиісінше олар үшін қолайлы бағамен таңдауға мүмкіндік беріп, оң әсер етеді.
2021 жылы Ресей тарабы екіжақты келісімнің 3-бабын «...(керек-жарақ ретінде әкетілетін аталған тауарларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтыруды ұсынды. Бұл толықтыру Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №115-VI заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одағы Кеден кодексінің талаптарына сәйкестікке келтіру үшін қажет.