Ольга
Александровна
1972 жылғы 8 тамызда туылған.
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Орыс тілі мен әдебиеті» филолог, «Қаржы және несие» экономист мамандықтары бойынша бітірген.
1993 – 2001 жылдары аралығында Өскемен қаласында балабақша тәрбиешісі, «Шығыс-Ет» ААҚ экономисі, «Өскемен нан комбинаты» АҚ ревизор-бухгалтері, «Востокпромсантехмонтаж» ЖШС экономисі, «ШҚО қоршаған ортаны қорғау қоры» ММ бас маманы қызметтерін атқарған.
2002 жылғы ақпан – 2008 жылғы мамыр аралығында «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.
2008 жылғы мамыр – 2012 жылғы тамыз аралағында «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы.
2012 жылғы тамыз - 2014 жылғы қыркүйек аралығы - ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары.
2014 жылғы қазан – 2016 жылғы мамыр - «Аманат» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары.
2016 жылғы мамыр – 2019 жылғы қаңтар – ШҚО Өскемен қаласы әкімінің орынбасары.
2019 – 2020 жылдары ШҚО Бородулиха ауданының әкімі.
2020 жылдың тамызында алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
2021 жылдың маусымынан - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады. ҚХА Кеңесінің құрамына кіреді.
2021 жылғы желтоқсан – 2025 жылғы қыркүйек аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.
2022 жылдың қазанынан - ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы.
2024 жылдың қазанынан - Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссиясының төрағасы.
2025 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденінің иегері. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының және «МИР» терерадиокомпаниясының «Өмір ағашы» алтын медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.