Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор комитет отырысында қосымша баяндама жасады

13.01.2021 0
Құрметті төраға, құрметті депутаттар!

Әсет Арманұлы заң жобасының негізгі параметрлерін егжей-тегжейлі баяндап берді.
Келісімде Қазақстан Республикасындағы Халықаралық қаржы корпорациясы кеңселерінің мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін айқындау көзделеді.
Халықаралық қаржы корпорациясының мақсаты жеке өндірістік кәсіпорындардың экономикалық дамуы мен өсуіне жәрдемдесу, ынталандыруға және жеке капитал ағынын қамтамасыз етуге ықпал ететін жағдайлар жасауға көмектесуге ұмтылу болып табылады.
Елде ХҚК қатысуы инвестициялар тартуға, жеке сектордың орнықты дамуына, экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін болады, елдің инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді.
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында жұмыс тобының отырысы өтті.
Құрметті депутаттар, сізден заң жобасын қолдауды және ескертулер мен ұсыныстарсыз бас Комитетке жолдауды сұраймын.
Бөлісу