Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

13.01.2021 0

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының депутаты,

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Б.С.Орынбековтің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі, Қаржы және бюджет комитетінің отырысында, қоршаған ортаны радиациялық әсер етуден қорғау кезінде дереу әрекет ету бойынша «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралуда.

 Аталған келісім, ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану кезінде, ядролық қондырғылардың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды іске асыру бойынша трансшекаралық өткізу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, гегорафиялық орналасуы жағынан жақын мемлекеттерде ядролық авария немесе радиациялық ахуал туындаған жағдайда ақпарат пен көмекті жедел ұсынуды құқықтық рәсімдеу өте маңызды деп санаймын.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкелмейді және оны іске асыру бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу