Сенатта салық саясатын жетілдіру мәселелері талқыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Қаржы және бюджет комитетінің сенаторлары дөңгелек үстел мен «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар ұсынған материалдарды талдау қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдардың атына жіберілетін ұсынымдар жобасын әзірледі.