Сенаторлар республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті тыңдады
Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау жөнінде кеңейтілген отырыс өткізді.
Сенаторлар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау қорытындысы жөніндегі есепті Палатаның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.