Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында сенатор Парламенттің заң шығару қызметінің қорытындылары туралы айтып, мәслихат депутаттарының заңдарды әзірлеуге қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Заң шығару процесінде азаматтардан, әсіресе, ауыл тұрғындарынан кері байланыстың болуы аса маңызды. Біздің басты міндетіміз – әр адамның пікірі мен ұсынысын ескере отырып, сапалы заңдар қабылдау», – деді Бекболат Орынбеков.
Сонымен қатар сенатор «Түрксіб» теміржол вокзалын абаттандыру және жаңғырту жобасымен, Ақжол ауылындағы мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, басталған істі сапалы әрі уақтылы аяқтаудың маңыздылығына назар аударды.