Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді.

12.07.2023 157

Сенатор аудан әкімі Сәкен Мамытов, әкім орынбасары Қайрат Аманов және жауапты бөлім басшыларымен аудандағы құрылыс жұмыстары мен орталық қазандық жұмыстарын аралап, сапасы мен уақытына баса назар аудару қажеттігін айтты.

Жұмыс сапарын Шоқпар жел электр станциясынан бастап,  жобаның аудан халқы үшін маңыздылығына тоқталды.

  Сенатор Жаңатас қаласындағы «Құрылысшы алқабына» су, газ және электр жүйелерін тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мердігердің жыл аяғына дейін жұмысты сапалы аяқтап, уақытылы өткізуін қадағалауды тапсырды.

         Сонымен қатар, Сенат депутаты орталық қазандықты газ жүйесіне ауыстыру бойынша  негізгі жұмыстармен танысты.

Сапар барысында Жаңатас қаласында қайта жөңдеуден өтіп жатқан 1-ші шағын аудандағы 44-ші үйдегі құрылыс жұмыстарымен танысып, моноқаланы дамытуда маңызы жоғары жобаның сапалы аяқталуын, пәтер кілтін тапсыруды жүйелі жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен жиын өткізіп, бірге атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тілеп, пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.

Бөлісу