Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бекболат Орынбеков Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

24.07.2024 135

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына сапары барысында Тұрар Рысқұлов ауданында болды. Қайыңды ауылдық округіне қарасты Қайыңды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің, Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Ақыртөбе ауылындағы мәдениет үйінің, Малдыбай ауылындағы мектептің, сондай-ақ Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Жаңатұрмыс ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мәдениет үйінің құрылысымен танысты.

Сенатор Бекболат Орынбеков жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа медициналық, білім беру, мәдени және спорттық нысандар жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасы мен қызметтердің қолжетімділігін жақсартуда шешуші рөл атқаратынына тоқталды. Бұл жобалар халықтың денсаулығын нығайту, білім деңгейін арттыру және мәдени дамуды қолдау арқылы аймақтың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.

«ҚР Сенатының депутаттары ел өмірінде шешуші рөл атқаратын маңызды заңдарды қабылдап келеді, сондай-ақ бұрын қабылданған заңнамалық актілерге түзетулер енгізеді. Заңдар мен өзге де құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында олардың қажетті стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізу үшін құрылыс жұмысының барысын зерделейміз. Құрылыстың сапалы жүргізілуі және жауапты тұлғалардың осы жобалардың орындалуына бақылауды күшейтуі аса маңызды. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін мұқият ескеріп, оларға берілген уәделерді сақтау керек», - деді Бекболат Орынбеков.

Депутат Меркі ауданында болып, Ақтоған ауылындағы Тілеміс батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің, Мыңқазан ауылындағы №30 мектептің және Ойтал ауылдық округіндегі №48 мектептің құрылысымен танысты. Ол сондай-ақ Рысқұлов ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын да көрді.

Бөлісу