Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу тәртібін өзгерту мәселесі қаралды

26.06.2024 138

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы» заңдарын талқылады. Бұл заңдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу тәртібін жетілдіруді көздейді.

Құжаттарда Салық және Бюджет кодексіндегі республикалық, облыстық бюджетке және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне түсетін түсімдерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемді алып тастау, сондай-ақ мәслихаттардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін бекіту жөніндегі құзыретіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар ұсынылып отыр.

Одан басқа, мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, табиғат қорғау мекемелерінің қызметтері үшін тарифтерді бекіту, табиғатты қорғау мен күзету және қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеудегі құзыретін айқындау ұсынылады.

Заңдар табиғи аймақтарда зерттеулер мен жаңалық ашу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан энергия өндіруші ұйымдарды қолдау тетігін енгізуге мүмкіндік беретін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу