Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің басшылығымен кездесті

15.10.2024 143

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің басшылығымен кездесті. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мен жылыстатуға, сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау – кездесудің басты мақсаты болды.

Кездесу барысында заңнамаға қаржы мониторингі және заңсыз қаржы операциясының алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізу жөніндегі негізгі ұсыныстар талқыланды. Агенттікте өздерінің жобалары мен құқықтық нормаларды жаңғыртудың негізгі тәсілдері ұсынылды.

Депутаттар Агенттікпен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді және ұсынылған барлық бастамалар заң шығару қызметі барысында мұқият зерделенетінін атап өтті. Кездесу соңында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін нығайту үшін диалогты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Бөлісу