Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен Меркі және Байзақ аудандарында болды

07.01.2025 148

Сенатор Бекболат Орынбеков әлеуметтік маңызды және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысын бағалау үшін Меркі және Байзақ аудандарында болды. Ол Меркі ауданындағы Ақтоған ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысымен танысты. Жүздесу барысында ауыз сумен уақтылы және сапалы қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сенатор 2024 жылдың соңында ашылған Андас батыр ауылдық округіндегі спорт-сауықтыру кешенінде болып, осындағы №21 орта мектептің салыну барысымен де танысты. Бекболат Орынбеков құрылыс сапасына бақылауды күшейту және мердігерлердің жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сенатор сонымен қатар Шу өзеніндегі су деңгейін көтеруге арналған «Андас-1», «Андас-2» және «Андас-3» су толтыру резервуарларын салу жобасымен танысты. Ол сондай-ақ Байзақ ауданында әл-Фараби атындағы шағын ауданда салынған тұрғын үйлерді аралады, 30 мыңнан астам адамды қамтитын Сарыкемер ауылындағы орталық ауыз су жүйесінің құрылысына куә болды. Кездесу кезінде құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, сумен жабдықтау проблемасына үнемі баса назар аудару қажет екенін атап өтті.

Депутат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы өңірлердің инфрақұрылымы мен әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсарту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. Мемлекет басшысы мақалада орнықты өсуді қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда сумен жабдықтау және энергетикамен қоса инфрақұрылымды дамыту алдыңғы қатарда болуы тиіс екенін атап өткен болатын.

«Сенаторлардың қызметі тек заң шығаруда ғана емес, сонымен қатар жергілікті жерлерде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру сапасына мониторинг жүргізуге де байланысты болып отыр. Ол үшін өңірлерге бару, халықпен қарым-қатынас орнату және құрылыстың барлық кезеңдерін қадағалау аса маңызды. Сондықтан бізге өңірлерге осындай сапарлар мен ауыл тұрғындарымен кездесудің ерекше мәні бар», - деп атап өтті Бекболат Орынбеков.

Президент сұхбатында алға қойған міндеттер аясында бұл сапардың әлеуметтік-экономикалық дамуды ілгерілету және Жамбыл облысының өзекті мәселелерін шешуде маңызды қадам болды.

Бөлісу