Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Батыс Қазақстан облысына іс-сапар

26.11.2021 0

26 қараша күні  ҚР Парламенті Сенатының  депутаттары Л.Рысбекова және Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысында іс-сапармен болды. Сенаторлар Бөрлі ауданы Ақсай қаласында БҚО облыстық мәслихат депутаттарының көшпелі отырысына қатысты.

Көшпелі отырысқа сондай-ақ, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық мәслихат депутаттары Бөрлі ауданының әкімі және Бөрлі аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

          Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар, ауылдық округ әкімдерін сайлау туралы және ҚР Парламенті Сенатының  жұмыстары туралы баяндады.

            Отырыс барысында депутаттар  сенаторларға Жайық өзенінің бүгінгі жағдайы, тұрғындарды медициналық сақтандыру туралы, қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру, ауыл шаруашылығына субсидия беру, тұрғындарға ауыз су жеткізу мәселелерін көтерді.

           Сондай-ақ,  аудан тұрғындарына  қоғамдық  қабылдау өткізді. Іс сапар барысында   депутаттар Ақсай қаласы 10 шағын аудандағы тоғыз қабатты екі тұрғын үй құрылысы барысымен, арнайы киім тігетін «Самғау Компани» тігін цехының жұмысымен танысты.

 

Бөлісу