Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2022 жылғы 18 наурызда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Л.Т. Рысбекова, Л.М. Қалтаева және Н. Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

18.03.2022 0

Сенаторлар азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуге ниеттеніп отыр

Сенаторлар Ләззат Қалтаева, Ләззат Рысбекова және Нариман Төреғалиев әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесіп, мүгедек адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету мәселелерін талқылады.

"Адамдардың протезді, әсіресе оның күрделі емес түрлерін жасау үшін басқа өңірге барып, сол жақта протез жасалғанын күтетіні дұрыс емес. Жергілікті деңгейде оңалтудың техникалық құралдарын дайындап,  жөндейтін шағын ортопедиялық және басқа да шеберханалардың қызметіне тосқауыл қоймау керек, оларды тек қана қолпаштап-қолдау керек", - деп атап өтті Ләззат Қалтаева кездесу барысында.

Депутаттар сондай-ақ қарттар мен мүгедек адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет орталығында болды. Олар стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді ірілендірудің маңызды екенін атап өтті. Сенаторлардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында мұндай тәжірибе қарқынды түрде қолданылып келеді. Облыс аудандарында шағын көлемдегі төрт орталық ашылды, онда 50-ден аспайтын адам тұрады. Депутаттар кездесу барысында мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де қолдау тауып, кеңінен қанат жаюының ету маңызды екенін атап өтті.

Мүгедектігі бар кәсіпкерлер өз кезегінде депутаттардан екінші деңгейдегі банктерде мүгедектігіне байланысты кемсіту көріністеріне тән несие беруден бас тарту тәжірибесін жоюға жәрдемдесуді сұрады.

Сенаторлар бұл мәселені шешу қажет екенін айтты. Өйткені мүгедек адамдардың жұмыспен қамтылуы мен экономикалық әл-ауқатын арттыру мәселесін олардың кәсіпкерлік қызметіне несие берумен де шешу қажет.

Бөлісу