Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының мәселелерін талқылады

25.07.2022 0

2022 жылғы 18-22 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында 23-тен астам ауылға барды. Жалпы барлық аудандар мен ауылдарда тұрғындар кең ауқымды тақырыптар бойынша, атап айтқанда, жолдардың сапасы, өнімдер мен құрылыс материалдарының қымбаттауы, медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем машиналарының тапшылығы, балабақшалар мен мектептерді күрделі жөндеу, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, электр желілерінің тозуы және т. б. мәселелерді көтерді.

Ауылдарда қосалқы бөлшектерге, отынға және ауыл шаруашылығы техникасына бағаның өсу проблемасы ерекше өткір сезілуде, осыған байланысты Үкімет осы проблемаларға назар аударып, оларды жедел шешу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Сонымен қатар, сенатор «Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар жолының сапасын бағалады, сондай-ақ жергілікті фермерлік шаруашылықтардың қызметімен танысты.

Бөлісу