Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының студенттерімен және еңбек ұжымдарымен конституциялық реформа және референдум өткізу мәселелері бойынша кездесулер өткізді

12.05.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Рысбекова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына барды.

Сенатор сапар барысында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерімен, басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен және Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының еңбек ұжымымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Сенатор ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды конституциялық реформаға сәйкес Негізгі заңға ұсынылған түзетулер бойынша түсініктемелер берді. Конституциялық реформаның саяси мәні «суперпрезиденттік» үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік басқару формасына көшу болып табылады, бұл іс жүзінде мемлекеттік құрылыс архитектурасындағы түбегейлі өзгерістерге ықпал етеді. Бұл өзгерістер қазақстандық қоғамның саяси жүйені демократияландыруға және мемлекеттік шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз етуге деген сұранысын тікелей көрсетеді.

Сенат депутаты Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар бүкілхалықтық референдумға шығарылатынын атап өтті, бұл президенттік реформалар мен Жаңа Қазақстанның рухына толық сәйкес келеді, онда халықтың өзі ел үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға тиіс.

Сенатор халық пен мемлекеттің болашағы әркімнің дауысына байланысты екенін ерекше атап өтті, сондай-ақ азаматтарды Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосуға және референдумға қатысуға шақырды.

 

Бөлісу