Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты Ләззат Рысбекова конституциялық реформа және референдум өткізу мәселелері бойынша түсіндірмелер жүргізді

13.05.2022 0

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына жұмыс сапары барысында сенатор облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттерімен, басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесулерде Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша алдағы референдум туралы түсіндірмелер жүргізуді жалғастырды.

Сенат депутаты ұсынылып отырған түзетулер президенттік билік өкілеттіктерінің шоғырлануын шектеуге, өкілді органдарды қалыптастыру және олардың өкілеттіктерін күшейту тәртібін демократияландыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға ықпал ете отырып, Конституция баптарының үштен бір бөлігін қозғайтынын атап өтті.

«Аталған түзетулерді қабылдау және одан әрі іске асыру еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттілігімізді нығайтады» – деп мәлімдеді Ләззат Рысбекова.

Кездесулер соңында сенатор барлық кәмелетке толған азаматтарды республикалық референдумға қатысуға және Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамасын қолдауға шақырды.

Бөлісу