Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесті

06.01.2023 0

Сенатор Ләззат Рысбекова тұрғындармен, денсаулық сақтау саласының еңбек ұжымдарымен, облыстық мәслихат депутаттарымен және облыс әкімдігінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Сенатор Теректі ауданының Федоровка ауылында жаңа емхана құрылысының барысымен, тозуы 100% құрайтын жұмыс істеп тұрған аудандық емхананың, 100%-ға тозған көпсалалы облыстық аурухана жанындағы патологиялық-анатомиялық бюроның, сондай-ақ, Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (психоневрологиялық интернат) жұмыс істеу проблемаларымен танысты, сондай-ақ осы мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесті.

Облыстық мәслихат депутаттарымен Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаңа корпус, Теректі ауданы Подстепное кентінде және Бәйтерек ауданы Переметное ауылында модульдік өрт сөндіру деполарын, Орал қаласында облыстық кардиологиялық орталықты салу, сондай-ақ кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сенатор облыс әкімімен кездесу барысында өңір тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын қозғайтын мәселелерді шешудің аса маңыздылығына назар аударды.

Бөлісу