Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Рысбекова мен Арман Өтеғұлов Сырым ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесті

15.08.2023 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Рысбекова мен Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысындағы Сырым ауданының ақсақалдармен және ауыл тұрғындарымен кездесуде өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Депутаттар Алғабас және Қарағанды ауылдарындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесі, мектеп, ауылдық мәдениет үйі құрылысының барысымен, сондай-ақ Тоғанас ауылындағы «KazMeatIndustry» ЖШС жұмысымен және техникалық жарақтандырылуымен танысты.

Сенатор Арман Өтеғұлов жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтаудың маңыздылығын атап өте келіп, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жүргізіліп жатқан жұмыстарға тарту қажеттігіне тоқталды.

Сенаторлар кездесулер барысында ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту жөнінде айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстарды заң шығару жұмысы барысында ескеретінін атап өтті.

Сонымен қатар, депутат Арман Өтеғұлов «AGROFEST BATYS» форумының қатысушыларымен агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін күшейтуге бағытталған өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылады.

Бөлісу