Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты Ләззат Рысбекова АҚШ Президентін сайлауды байқауға қатысты

07.11.2024 284

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Рысбекова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының құрамында АҚШ Президентінің сайлауын байқау жөніндегі сайлау процесінің мониторингіне қатысып, оның халықаралық стандарттар мен демократиялық қағидаттарға сәйкестігін бағалады.

Сенатор ел астанасы Вашингтон қаласындағы және Вирджиния штатының бірнеше қалаларындағы бірқатар сайлау учаскелерінде байқаушы болды. Онда дауыс беру рәсімдерімен танысып, жергілікті сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесті.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы қатысушы елдердегі сайлаудың ашықтығы мен әділдігіне жәрдемдесуді мақсат етеді және ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердегі сайлауға тәуелсіз және шынайы баға бере отырып, демократиялық стандарттарды ілгерілету мен адам құқықтарын қорғаудың маңызды құралы болып табылады.

Бөлісу