2025 жылғы 5 маусымда ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутат Ляззат Рысбекова Премьер-Министрдің атына Урал қаласындағы бұрын таратылған «Қазақстан темір жолы» АҚ әкімшілік бөлімшесін қайта қалпына келтіру мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
Өз сөзінде депутат теміржол логистикасының Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ, бөлімшенің таратылуы аймақ үшін теріс салдарға әкелгенін көрсетіп, жүк тасымалын жергілікті деңгейде басқаруды қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды. Сауалда кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, теміржол учаскесін тиімді басқару қажеттігі көтерілді.