Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Батыс Қазақстан облысының аудандарындағы ауыл шаруашылығы нысандарын аралады

08.07.2025 21

2025 жылғы 8 шілдеде жұмыс сапары аясында сенаторлар Подстепное, Шаған, Ақжайық, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысымен танысты.

Подстепное ауылдық округінің Барбастау ауылында депутаттар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқан «BARBASTAU RIVER» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қызметімен танысты. Кооператив ашық су айдындарында және тоғанда форель мен тұқы (карп) балығын өсірумен айналысады.

Одан кейін олар «Жайна» ЖШС-нің өсімдік шаруашылығындағы жұмысымен танысты. Ақжайық ауылдық округінде сенаторлар «WestAgroFood» ЖШС-не барып, оның өсімдік шаруашылығын дамыту бағытындағы қызметін көрді.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде депутаттар «Аэлита» жеке кәсіпкерлігінің бау-бақша шаруашылығымен және «Утегалиев» ЖК бөдене өсіру кәсібімен танысты.

Түстен кейін делегация Сырым ауданына бет алып, Тоғанас ауылында бөдене шаруашылығымен айналысатын «Хатият» ЖК жұмысын көрді. Жамбыл ауылында сенаторлар сүт бағытындағы асыл тұқымды голштин ірі қара малын өсірумен айналысатын «Берекет» ШҚ-ның және балық шаруашылығын дамытып отырған «Syrym-fish» АШӨК-нің жұмысымен танысты.

Сапар соңында депутаттар Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округіне барып, «Қоскөл 2024» АШӨК қызметімен танысты.

Кездесулер қорытындысы бойынша сенаторлар аграршылар көтерген мәселелер мен ұсыныстар заң шығару жұмысында ескерілетінін атап өтті.

Бөлісу