Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор С.А. Карплюк Қостанай облысына сапары барысында "Қонай" және "Береке"екі жаңа шағын аудандарын аралады.

19.08.2021 0
ЕТЖЖ сәйкес шағын аудандарда жалпы ауданы 521,2 мың ш. м. 102 көп қабатты тұрғын үй немесе 7996 пәтер, сондай-ақ жалпы ауданы 210 мың ш. м. 2 067 жеке тұрғын үй салу көзделген.

Бүгінгі күні ауданы 82,9 мың шаршы метр болатын 9 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, жыл соңына дейін жалпы ауданы 137,7 мың шаршы метр болатын тағы 23 көпқабатты тұрғын үй салынады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы ауданы 84 мың шаршы метр болатын тағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Алаңнан тыс инженерлік желілерді жүргізу аяқталу сатысында. Сонымен қатар, шағын аудандардың тұрғын үйлеріне алаңішілік инженерлік желілер жүргізу және абаттандыру жалғасуда.

Тұрғын үй жобаларымен және инженерлік желілерді жүргізумен қатар шағын аудандарда 900 және 980 оқушыға арналған орта білім беру мектептерінің құрылысы басталды.

Депутаттар кездесуде азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына арналған тұрғын үй туралы, тұрғын үйді іске асырудың қолжетімділігі мен әдістері туралы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Бөлісу