Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

14.05.2021 0

Заң жобасы:

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне:

- саяси партиялар өз мүшелері қатарынан;

- өзін-өзі ұсыну тәртібінде (кандидатты қолдау үшін тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемінде 1% қолдарын жинау);

- егер ұсыну мерзімінің соңына дейін екіден кем кандидат ұсынылса аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің кандидаттар ұсынуын;

2. Кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуін (42 500 теңге);

3. Сайлау науқанының мерзімдерін белгілеуді көздейді;

Сайлау қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі 10 күн бұрын өтеді.

Сайлау науқанының мерзімі – 30 күнді құрайды.

4. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылатын болады.

2021-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу кезеңінде сайлауды қаржыландыру Орталық сайлау комиссиясы арқылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу