Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Нухұлы
Алтынбек

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Павлодар облысынан сайланған депутаты (2020 ж.), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нухұлы Алтынбек 1962 жылы 10 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы кеңшарда туған. 

1984 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) химия факультетін үздік бітірген. Химия ғылымдарының докторы (1995 ж.), профессор (1998 ж.), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (2024 ж.), Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі (2018 ж.).

 

 

          Еңбек жолы:

  • Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ физикалық химия және электрохимия кафедрасының зертханашы, зерттеуші-тағылымдамашы  (Иваново қаласы, Ресей), аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессоры, ҚР Экономика министрлігі микроэкономика саясаты бас басқармасы мұнайхимия бөлімінің бас маманы (Алматы, 1984-1999 жж.);
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім және ғылым департаменті мемлекеттік стандарттар және нормативтік база бөлімінің бас маманы, Жоғары оқу орындарын аттестаттау бөлімінің бастығы  (Астана, 1999-2001 жж.);
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры  (Павлодар, 2001-2003 жж.);
  • Көпбағдарлы гуманитарлық-техникалық университеттің ректоры (Қарағанды, 2003-2004 жж.);
  • Инновациялық Еуразия университетінің ректоры, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры  (Павлодар, 2004-2008 жж.);
  • ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары,  ҚР Премьер-Министр кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімі секторының меңгерушісі,    «Астана» университеті ректорының кеңесшісі (Астана, 2009-2016 жж.);
  • Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, 2017 жылдан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры (Павлодар, 2016-2020 жж.).

 

Партияға қатыстылығы мен сайланбалы қызметтері:

  • «Аманат» партиясының мүшесі (2006);
  • Павлодар қалалық мәслихаты VI шақырылымының депутаты (2017); 
  • Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (2005);
  • «Халықаралық Сәтбаев қоры» қамқоршылар кеңесінің төрағасы (2019).

 

Ғылыми еңбектері және басылымдары:

  • Барлығы 650 жұмыс, оның ішінде 7 монография, 32 оқулық және оқу-әдістемелік құралдар мен сөздіктер, 23 патент пен авторлық куәліктер, 200-дей ғылыми мақалалар мен 200-ден аса публицистикалық еңбектер және т.б.
Бірлескен авторлықпен жарияланған:
  • Ы.Алтынсарин шығармалары жинағының 5 томдығы;
  • «Өнегелі тұлғалар» кітаптар сериясы; 
  • 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану–Краеведение» оқулығы;
  • «Баянаула перзенттері» көптомдығы;
  • Қ. Сәтбаевтың шығармалар жинағының 10 томдығы;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ресми және қазақ тіліндегі Қ. Сәтбаевтың қысқаша өмірбаянының очеркі;
  • «Қаныш. Шығармаларының академиялық толық жинағы» 5 томдық; 
  • «Қаныш Сәтбаев. Естеліктер жинағы» және т.б.

 

Жүзеге асқан жобалардың идея авторы және жетекшісі:

  • Павлодар қаласындағы Марғұлан орталығы.
  • Павлодар қаласындағы Сұлтанбет сұлтан атындағы ғылыми-білім беру кешені.
  • Павлодар облысының киелі нысандарының үш тілдегі карталары.
  • «Павлодар педагогикалық университетінің тарихы» музейі.
  • Баянауыл ауданындағы Кешен, оның ішінде Мұса Шорманұлы кесенесі мен Шорман би әулетінің қонысы.
  • Баянауыл ауданындағы «Туған жердің тарихи тұлғалары» музейі.
  • Екі тілде дайындалған «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасы» атты 200 қысқаметражды фильм.
  • «Баянауыл біртуарлары» лайтбокстар аллеясы.
  • Астана қаласындағы академик Қаныш Сәтбаевқа арналған монументалды ескерткіш кешен.
  • Республика өңірлерінде орнатылған тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арналған 30-дан астам мемориалдық тақта мен гранит плиталар.
  • Тарихи-мәдени бағыттағы 80-нен астам кітап авторлығы және редакциясын басқаруымен жарық көрді.

 

       Марапаттары мен атақтары:

 

  • "Парасат" ордені (2025);
  • "Құрмет" ордені (2018);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты мен «Алтын Барыс»  белгісі (2022);
  • «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2011);
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі (2025);
  • «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020);
  • «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2019);
  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2001);
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2004);
  • «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2017);
  • А. Байтұрсынов атындағы алтын медаль төсбелгісі (2017);  
  • Бірінші дәрежелі академик Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық (2007);
  • Академик Е.А. Бөкетов атындағы ғылым саласындағы сыйлық (2021);
  • «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалі (2021);
  • «Бірлік» алтын медалі  (2021);
  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2021);
  • «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі (2023);
  • Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық ассамблеясының құрмет белгісі (2023);
  • «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» медалі (2024);
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі (2025);
  • «Күлтегін» медалі (2025);
  • Павлодар педагогикалық университетінің «Құрметті профессоры»(2020); 
  • Торайғыров Университетінің  «Құрметті профессоры»(2021);
  • Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың  «Құрметті профессоры» (2024);
  • Семей қаласы Шәкәрім  университетінің «Құрметті профессоры» (2024);
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Құрметті профессоры» (2025);
  • Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» (2025);
  • А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Құрметті профессоры» (2025);
  • «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы» (2018);
  • "Павлодар облысының Құрметті азаматы" (2024).