Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

14.05.2021 0

Аталған Заң жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарға және  мынадай бөлікте түзетулер енгізуді көздейді:

1) әкімнің өкілеттігін:

- соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әкімнің қайтыс болуы, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;

- өзі ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;

- жоғары тұрған әкімнің аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаттары, оның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша әкімге қатысты сенімсіздік вотумын қабылдауы;

- Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы;

- аумақтық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған әкімді тіркеуі;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтату қарастырылған;

2) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақырудан босату;

3) аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан құжаттар алған сәттен бастап отыз күн ішінде кандидатқа арнайы тексеру жүргізу;

4) ауыл әкімдері үшін ротацияны, аттестаттауды және тәртіптік теріс қылықтары мен жазалары үшін лауазымын төмендетуді алып тастау;

7) саяси партиялардың ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсынуы жөніндегі жарғысын, құқықтары мен міндеттерін толықтыру бөлігіндегі өзгерістер енгізуді көздейді.

Бөлісу