Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

(Бас Заң жобасы емес) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша С.А. Мәкежановтың Комитет отырысындағы қосымша баяндамасы.

23.11.2021 0

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша С.А. Мәкежановтың Комитет отырысындағы қосымша баяндамасы.

(23 қараша 2021 жыл, сағат 15.00. кабинет 307)

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

Бүгінгі қаралып отырған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі толық баяндап берді.

Өздеріңе берілген қосымшада, завод құрылысы оның пайдалану туралы толық ақпарат берілді.

Аталған Заң жобасын іске асыру туралы келісімге - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында 20 жылға қол қойылды.

Баяндамада айтылғандай тау-кен кешені пайдаланатын өндіріс орны бүгінгі күнде жұмыс жасап жатыр.  

Екінші кезеңде қуаты жылына кемінде 1 миллион тонна минералдық тыңайткыштар мен индустриялық өнімдер шығаратын жаңа зауыт салуға арналған.

Инвестор зауыт салу жобасы аясында Жаңатас Қаратау моноқалаларын жаңартамыз деп өздеріне міндет алып отыр, оған қосымша, оның инфрақұрылымы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін жағдайын жақсартамыз деп басқада міндеттер қабылдаған.

Сонымен бірге, химиялық кешен бөлігінде және аралас салаларда, өндіріс орнын пайдалану кезеңінде жобаны іске асыру кезінде кемінде 1200 жаңа жұмыс орнын құру мүмкіндігін қамтамасыз етіледі.

Келісімге сәйкес Қазақстан тарапы салықтық жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде салықтың бес түрінен босату ұсынылады. Сондай-ақ айналма автожолды, теміржол инфрақұрылымын салу, қайта жаңарту шығындарын өтеу және компанияның магистральдық темір жол желісі локомативтік тартым, жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің төлеуге жұмсалған шығындардың 50% субсидиялау қарастырылған.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші және Қаржы министрлігінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Аталмыш Заң жобасын талқылау барысында, әзірлеуші министрлікке аталмыш келісімнің барлық шарттарын, жоба аясында қадағалау туралы жауапкершілігі айтылды. Атап айтқанда, министрлікке әлеуметтік, экологиялық, технологиялық және инвестиция енгізу мәселесін тұрақты назарда ұстау туралы тапсырыс берілді.   

Осы Заң жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Құрметті әріптестер,

Айтылғандарды ескере келе, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз қорытынды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу