Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

(Бас Заң жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Сенаттың отырысына С.Мәкежановтың қосымша баяндамасы (1-оқылым)

09.12.2021 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Сенаттың отырысына С.Мәкежановтыңқосымша баяндамасы (1-оқылым)

 

Құрметті Төраға!

Құрметті әріптестер!

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы негізгі баяндамашы Сенат депутаты Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен, толықтай баяндап берді.

Заң жобасы, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында – «дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту керек, бұл мемлекеттің қатысуынсыз, ымыраға келуге мүмкіндік береді», деген тапсырмасын, орындау аясында енгізіліп отыр.

Баяндама айтылғандай, Заң жобасы медиация институтын дамытуға, яғни дауларды шешудің соттан тыс тәртібін дамытуға, оның ішінде татуластыру рәсімдерін жан-жақты қолдану мақсатында әзірленген.

Ал медиация институты әлемдік қоғамдастықты дауларды шешудің тиімді және қарқынды дамып келе жатқан құралы ретінде танылған.

Заң жобасы, Қазақстан Республикасының 4 Заңына            2 кодексіне түзетулер енгізуді көздейді («Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексіне, «Азаматтық іс жүргізу» ҚР кодексіне, «Нотариат туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» және «Медиация туралы» ҚР заңдарына).

Аталған түзетулер нәтижесінде, Заң жобасының ережелері, татуластыру рәсімдерін және дауларды шешудің баламалы әдістерін кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін болады.

Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, сот шығындарын азайтуға, халықты осы маңызды іске неғұрлым белсенді тартуға бағыттайды.

Оған қосымша, осы рәсімдерді нақты реттеу - судьяның, адвокаттың, нотариустың медиацияны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін болады. Нәтижесінде сот талқылауының жаңа тәсілі - тараптар үшін дауларды тез шешуге ынталандыратын болады. Бұл соттардағы жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Азаматтық процеске «сотқа дейінгі хаттама» сияқты жаңа институт енгізілуде. Ол тараптарға, сотта табысқа жету мүмкіндіктерін бағалауға және сот шешімін асыруға байланысты дауды, соттан тыс және басқа да бірқатар тәртіппен шешу мүмкіндігін пайдалануға жағдай жасалады.

Атап өтетін жаңашылдықтың бірі, ол көп жүктелген сотты анықтайтын автоматтандырылған ақпаратты жүйе арқылы, эксаумақтық соттылықты таңдау құқығын беретіндігі.

Заң жобасында, жоғары тұрған сотқа біртектес істердің бірін өз өндірісіне енгізіп, оларды үлгілі сот талқылауында қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығын беру ұсынылады.

Бұл норма судьяларға, оларды болашақта үлгі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді және сот тәжірбиесін біркелкі қолдануды қамтамасыз етеді. Оған қоса норма сот актілерінің сапасын арттырып, уақытын үнемдейді.

 Жекелеген түзетулер медиацияны жүргізу тәртібі мен тәсілін жетілдіруге, медиация тараптарыньң құқықтары мен міндеттерін нақтылайды. Сол арқылы медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұнына, сондай-ақ медиаторлар ұйымының функциялары айқындалатын болады.

Заң жобасы, қабылдау, тepic әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, мемлекетік бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді.

Жалпы алғанда, Заң жобасын қабылдау бітімгершілік рәсімдері мен медиацияны қолдану аясын кеңейтеді. Бұл сайып келгенде, жоғарыда айтылғандай, азаматтардың сот шығындарын оңтайландыруға, дауларды соттан тыс реттеу институтына деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы бойынша, Сенаттың тұрақты комитеттері оң қорытындыларын берді. Ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндаманың негізінде Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Қолдауларыңызды сұраймыз.

Назарларыңызға Рақмет! 

Бөлісу