Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі өңірлердің есебі туралы
Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ҚР Үкіметінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есептерін талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Онда еліміздің кейбір облыстарының есептері де тыңдалды.
Сенаторлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытындыны қарау нәтижелері бойынша есеп пен қорытындыны Палатаның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.