«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша
Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар, сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын реттеу мен дамытуға, сондай-ақ банк қызметіне қатысты заң жобасын талқылады.
Құжатта жаңа қаржы өнімдерін енгізу, қызметтерді одан әрі цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру көзделіп отыр.
Заң жобасында үш негізгі бөлік: сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы және банк қызметі қарастырылып отыр.
Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.