Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Арнайы экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарға жеңілдіктерді қайта қарау бойынша

19.05.2022 0

 

Жаңа арнайы экономикалық аймақтар құруға мораторий енгізу, бейінді емес бағыттарды қысқарту, сондай-ақ қайта бөлу деңгейі бойынша өңдеуші өнеркәсіп шеңберінде қызметтің басым түрлерінің жеке тізбесін қалыптастыру. Сенаторлардың мұндай ұсыныстары бүгін «Арнайы экономикалық аумақтар қызметінің тиімділігін бағалау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында талқыланды.

Сенаторлар дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Үкіметке жіберілетін ұсыныстар әзірледі. Инвестициялар көлеміне, АЭА аумағындағы қызмет түрлерінің басымдығына байланысты жеңілдіктер беру кезінде сараланған тәсіл мәселесін пысықтау қажеттігі аталып өтті. Сондай-ақ барлық объектілер пайдалануға берілгеннен кейін АЭА қатысушыларына жер алаңын сатып алу мүмкіндігін берудің, аралас тәсілді енгізудің маңызды екені және басқа да мәселелер айтылды.

 

Бөлісу