Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар Алматы қаласы университеттерінің оқытушыларымен алдағы референдумды талқылады

01.06.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нокетаева, Сұлтанбек Мәкежанов «Тұран», «Satbayev University» университеттері мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Жүздесу барысында қатысушылар алдағы референдум мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы жан-жақты хабардар етілді.

Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде әрбір қазақстандықтың референдумға қатысуы маңызды екенін атап өтті және Конституциялық реформа азаматтар өмірінің барлық салаларына жаңалық әкелетіні және елімізді одан әрі нығайтуда оң өзгерістер болатыны айтылды.

«Қазақстан Республикасы Конституция бойынша президенттік басқару нысанындағы демократиялық, зайырлы, біртұтас және әлеуметтік-құқықтық мемлекет болып табылады. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында референдум тек бір рет – 1995 жылы, қолданыстағы Конституция қабылданған кезде ғана өтккен болатын», - деп атап өтті сенатор Бақытжан Жұмағұлов.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов өз сөзінде Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқаруды өрістету мәселелеріне баса назар аударатынын атап өтті.

«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, әкімдерді балама негізде сайлау тетігін іске асыру мәслихаттардың рөлі мен ықпалын күшейтеді, кадрлық шешімдер қабылдау кезінде жергілікті халықтың мүддесін жақсы ескеруге мүмкіндік береді, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттырады», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутаттар сонымен қатар оқытушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Депутат Динар Нөкетаева оларға жоғары білім саласындағы интернационалдандыру бағыттары және мектептерде кәсіптік бағдар беру мамандарын енгізуді жоспарлау туралы ойларын ортаға салды.

Бөлісу