Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сұлтанбек Мәкежанов Ресейде оқып жатқан қазақстандық студенттермен алдағы референдумды талқылады

26.05.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Ресей Федерациясына сапары барысында Санкт-Петербург қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.

Сұлтанбек Мәкежанов жастармен әңгіме кезінде еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін негізгі жаңалықтар, оның ішінде Президенттің кейбір өкілеттіктерін алып тастау, қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана емес, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау кезінде мәжбүрлі еңбек сияқты жазалау шарасын белгілеу мүмкіндігі туралы айтып берді.

«Кез келген қолға алынған реформа қоғамның қарқынды өзгеруін талап етеді. Конституцияға енгізілетін, республикалық референдумға шығарылған барлық түзетулер – Президенттің үндеулер мен басқа да ресурстар арқылы қоғамнан алған өтініш-сауалдардың жинағы. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың бесінші маусымында әрбір қазақстандық өз таңдауын жасауы тиіс», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутат сонымен қатар Мемлекет басшысы ұсынған реформалар саяси жүйені демократияландыру мен еліміздің барлық азаматтарына саяси шешімдерге ықпал ету және жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Бөлісу