Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ресейдегі қазақстандықтар референдумға қатысады

26.05.2022 0

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде қазақстандық дипломаттармен кездесіп, алдағы референдум мәселелерін талқылады.

Депутат кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол осы түзетулер қазіргі ахуалды елеулі түрде өзгертетіні туралы хабардар етті.

«Конституциялық сотты қайта құру әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам болады, бақылау жүйесін, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институттық тұрғыда күшейтеді. Сонымен қатар, депутаттар сайлауына тек саяси партиялар ұсынған адамдар ғана емес, өзін-өзі ұсынушылар да түсе алады», - деді депутат.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілі Александр Синяговский өз кезегінде референдум өткізуге дайындық аясында дипломаттар Ресей аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасап жатқанын хабарлады.

Бөлісу