Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласындағы жол айрықтарының құрылысымен танысты

05.08.2022 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы, Сайын – Ақын Сара, Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлікке арналған жолайрықтар құрылысыының алаңдарында болды.

Сенатор құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысып, қаланың көлік инфрақұрылымын дамытудың келешегін талқылады. Құлжа трактісінің Бұқтырма көшесімен қиылысындағы жол айрығы шығыс айналма автомобиль жолын әуежаймен байланыстыратын қаланың «шығыс қақпасы» маңындағы қозғалысты жеңілдетуге арналған. Құрылыс жоспар бойынша жылдың соңына пайдалануға берілгеннен кейін Бұқтырма көшесінің өткізу қабілеті 30%-ға, ал Құлжа трактісі бойынша 15%-ға ұлғаятын болады.

Сұлтанбек Мәкежанов Медеу ауданының Алатау шағын ауданындағы №7 жалпы білім беретін мектеп пен қалалық ауруханада да болды. Депутат жаңа оқу жылына дайындықпен танысты және медициналық мекеме ұжымымен кездесті.

Парламент мүшесі кездесу барысында Палата қызметінің қорытындылары туралы айтып, өткен сессияда қабылданған заңдардың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Бөлісу