Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов пен Нұртөре Жүсіп Алматы метросындағы жаңа станцияның құрылыстарында болды

03.08.2022 0

Сенаторлар Мәкежанов Сұлтанбек пен Жүсіп Нұртөре Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Қалқаман» метро станциясының құрылысымен танысты. Олар сондай-ақ метрополитеннің «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» жаңа станцияларында болды.

Депутаттарға құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы, қоғамдық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала метрополитенінің одан әрі дамуы туралы ақпарат айтылды.

«Метрополитен құрылысының негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымын жетілдіру, жолаушылар тасымалы көлемін арттыру, көлік байланыстарын кеңейту, ілеспе инфрақұрылымды дамыту, қаладағы экологияны жақсарту болып отыр», - деп атап өтті сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының метрополитенінде 11 станция, ұзындығы 13,4 шақырым жол, электр пойыздарының 15 құрамы жұмыс істейді. Күнделікті жолаушылар ағыны 40-45 мың адамды құрайды.

Метроны батыс бағытта «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базары ауданындағы станцияға дейін одан әрі дамыту көзделіп отыр, ол арада 3 станция бар, ал учаскенің ұзындығы 5,2 шақырым болады.

Бөлісу