Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Өмірбаяны

Арғынбекова
Айнұр
Серікпайқызы

1970 жылы 22 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі», 2003 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

Еңбек жолын 1994 жылы аспирант болып бастап, 2013 жылға дейін Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің фармакология кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді.

1999 жылдан 2022 жылға дейін Семей қаласындағы «Қайнар» Жоғары колледжінің директоры.

2012 жылдан 2022 жылға дейін Семей қаласы мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

2019 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың қазан айына дейін                «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

10 жылдан астам Семей қаласында әйелдер қозғалысын басқарып келеді. 2011 жылдан 2020 жылға дейін «Семей қаласындағы іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҰ филиалының төрайымы, 2020 жылдан 2022 жылға дейін  «Семей қаласындағы Қазақстан әйелдер күштері Альянсы» ЗТБ филиалының төрайымы.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

         «Ерен еңбегі үшін», «Белсенді қызметі үшін» мемлекеттік марапаттарымен, мерекелік медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Тұрмыста, екі баласы бар.