Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Нұғманов
Амангелді
Шайхоллаұлы

Ақтөбе облысынан сайланған.

1967 жылы 3 сәуірде Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жаңатаң ауылында дүниеге келді. Білімі – жоғары. 1986 жылы Ақтөбе ауыл шаруашылық техникумында «Агроном» мамандығы бойынша білім алды. 1986-1988 жылдары Германияда Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын орындады. 1999 жылы «Қайнар» университетін  «Заңгер» мамандығы бойынша үздік тәмамдап, 2002 жылы Будапешт қаласындағы (Венгрия Республикасы) Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2004 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «Мемлекеттік басқару менеджері», 2003 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «Мемлекеттік басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмәмдап, 2017 жылы «Ernst & Young» Бизнес академиясында: «Халықаралық деңгейдегі аудитор» санаты берілді.

Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы өз еңбек жолын 1988 - 1992 жылдары Мәртөк ауданының Жайсан совхозында есепші-агрономынан бастап, Аудан орталығында  Өсімдіктерді қорғау станциясында агроном, жетекші-агроном қызметін атқарды.

1992 - 1994 жылдары Мәртөк ауданы әкімшілігінің Жастар ісі комитетінің төрағасы;

1994 - 1997 жылдары «Мәртөк» кеден бекетінің инспекторы;

1997 – 1999 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Кеден бекетінің басқарма басшысының контрабандаға қарсы күрес және кедендік құқық бұзушылықтарды жою бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы;

1999 – 2000 жылдар аралығында «Мұғалжар» кеден бекетінің бастығы, Қандыағаш қаласы;

2000-2002 жылдары арасында Ақтөбе облысы бойынша Кедендік басқармасының контрабандаға қарсы күрес және кедендік ереже бұзушылықтарды жою бөлімінің бастығы, Ақтөбе қаласы;

2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі департаментінің басқарма басшысы, Астана қаласы;

2004 – 2005 жылдары ҚР ҚМ КБК Кадр басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы;

2005 – 2006 жылдары ҚР ҚМ КБК Қарағанды облысы бойынша Департаменті бастығының орынбасары, Қарағанды қаласы;

2006 жылы ҚР ҚМ КБК Кадр басқармасының бастығы, Астана қаласы;

2006 – 2008 жылдары ҚР ҚМ КБК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы, Орал қаласы;

2008 – 2009 жылдары ҚР ҚМ КБК Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы, Астана қаласы;

2009 – 2010 ж.ж. ҚР ҚМ КБК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы, Тараз қаласы;

2010 – 2012 ж.ж. ҚР ҚМ КБК Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы, Павлодар қаласы;

2012-2013 ж.ж. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниясы басқару тобының мүшесі, Астана қаласы;

2013 – 2018 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы, Орал қаласы;

2018-2019 ж.ж. ҚР ҚМ ІМАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі аудит департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

2019 жылдың тамызынан бастап ҚР ҚМ ІМАК Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласы;

2020-2021 жылдары аралығында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе қаласы;

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы; Ақтөбе қаласы;

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ақтөбе облысы мәслихатының Төрағасы;

2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып табылады.

Өз еңбек жолында Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы 03.12.2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен;

2009 жылы Дүниежүзілік кедендік ұйымының Бас хатшылығының «Үлгілі қызмет үшін» медалімен/ Бельгия қ.;

2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен;

2012 жылы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында «Кеден одағын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» медалімен; 

2015 жылы  «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен;

2015 жылы  «Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен;

2016 жылы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен;

2016 жылы  «Үздік мемлекеттік қызметкер» төс белгісімен;

2019 жылы  «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен;

2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»мерекелік медалімен;

2022 жылы «Үздік мәслихат хатшысы» төсбелгісімен;

2022 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;

2022 жылы «Amanat» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісінің иегері.

Оған қоса ведомстволық және қоғамдық ұйымдардың 30 аса медалімен марапатталды.

Полковник – арнайы әскери шенінің иесі.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.