"Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жеңілдетілген кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңы
| 2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша сөз сөйлеу |
Құрметті әріптестер!
Сіздің қарауыңызға «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы 2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған жеңілдетілген кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасы Заңы енгізіледі.
Келісімнің бастамашысы штаб-пәтері Түркия Республикасы Стамбул қаласында орналасқан Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып табылады (ол кезде ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Құлтайұлы Әміреев болған).
Келісім Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды.
Заңның міндеттері:
- Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарында тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауды жеделдету;
- кедендік операциялар мен кедендік рәсімдерді жасау үшін қажетті құжаттар санын қысқарту;
- тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тауарлар туралы ақпаратты талдау негізінде кедендік бақылау нысандары мен әдістерін қолдануды барынша азайту болып табылады.
Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптардың кеден органдары осы құжатты іске асыру үшін алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды. Сондай-ақ осы Келісім бойынша техникалық шарттар Қазақстан Республикасы 6 ай ішінде қол қойғаннан кейін әзірленеді және бекітіледі және пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі, ол аяқталғаннан кейін Тараптардың кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайды.
Келісімнің 1-бабына сәйкес сауда операторлары-жеңілдетілген кеден дәлізіне қатысатын және Келісімнің ережелеріне сәйкес кедендік рәсімдерді аяқтайтын тауарлар мен көлік құралдары туралы анық ақпарат беретін тұлғалар.
Бұл ретте сауда операторларына қатысты жеңілдетілген кедендік формальдылықтар мүмкіндігінше бір жерде қолданылатын болады (жекелеген қозғалыс жолақтары, өткізу /межелі пункттерде кедендік тексеруді қолданбау).
Жалпы, Келісім жобасы Тараптар арасындағы кедендік рәсімдерді оңайлатуға және оңтайландыруға бағытталған.
Осы Келісімді ратификациялау біздің еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.
Осы Келісімді ратификациялау жөнінде оң шешім қабылдауыңызды сұраймын.
Назар аударғаныңыз үшін рахмет!