Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға арналған заңды мақұлдады

13.09.2024 139

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңыбойынша Б. Орынбасаровтың баяндамасы

 

Рахмет, Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің қарауларыңызға «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы енгізіліп отыр.

Келісім - қатысушы мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды.

Келісім шеңберінде «жеңілдетілген кеден дәлізі» және «сауда операторлары» сияқты ұғымдар енгізіледі.

Жеңілдетілгенкеден дәлізі - мемлекеттер арасындағы саудада тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасуға бағытталған электрондық жүйе.

Саудаоператорлары- жеңілдетілген дәлізге қатысатын тауарлар мен көлік құралдары туралы сенімді ақпарат беретін тұлғалар.

Жеңілдетілген кеден дәлізі сауда операторларына сыртқы сауда операцияларын жеделдетуге және арзандатуға ықпал ететін бірқатар артықшылықтар ұсынады.

Кедендік ресімдеу шаралары жекелеген қозғалыс жолақтарын пайдалана отырып, оңтайландырылатын болады, бұл ресімдеу уақыттың одан әрі қысқаруына септігін тигізеді деп күтілуде.

 Кедендік тексеру - кеден заңнамасын бұзу қаупі анықталған жағдайларда ғана жүргізіледі, бұл шара себепсіз тоқтап қалу мен болжамды шығындардың қысқаруын тежейді.

Келісім ратификацияланғаннан кейін алты айлық пилоттық жоба жүргізіледі. Осы уақыт ішінде қатысушы мемлекеттердің кеден құрылымдары жаңа жүйенің барлық техникалық, әкімшілік және заңдық аспектілерін толық пысықтайды. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ғана жүйе толық күшімен жұмыс істей бастайды.

Кедендік рәсімдерді оңтайландыру - Қазақстанға экономикалық тұрғыда алғанда, айтарлықтай пайда әкеледі деп жоспарлануда. Негізгі артықшылықтардың бірі - тауарларды жеткізу мерзімінің қысқаруына және құнының төмендеуіне байланысты сауда көлемінің өсуі.

Кеденде жүктерді өңдеу уақытын қысқарту логистикалық тізбектерді едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді. Қарастырылған механизмдер өз кезегінде тауарларды тасымалдау және сақтау шығындарының төмендеуіне әкеледі, бұл өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда қол жетімді және бәсекеге қабілетті етеді.

Осылайша, кедендік рәсімдерді оңтайландыру - бизнес-процестерді жеңілдетіп қана қоймай, сауда мен инвестициялық ахуалды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Тұтастай алғанда, келісімді ратификациялау Қазақстан үшін Орталық Азияны әлемдік сауда орталықтарының біріне айналдыруға және Қазақстанның Халықаралық экономикалық аренадағы позициясын нығайтуға одан әрі жәрдемдесетін жаңа перспективалы сауда жолын ашады.

          Сенаттың тұрақты комитеттерінен осы Заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Заңды талқылау барысында бірнеше Комитет отырыстары және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Құрметтіәріптестер! Баяндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 – бабының 4-тармағына сәйкес Қаржы және бюджет комитеті «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдауды ұсынады.

 

 Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу