Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Ниязова
Нурия
Исмагиловна

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы Жарлығымен тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

1968 ж. 24 қарашада туған, татар, тұрмыста, екі баласы бар.

Білімі жоғары. - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық университетінің Алматы филиалын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген;

- Ресей Федерациясының Новосибирск мемлекеттік университетін психолог мамандығы бойынша бітірген;

- Ұйымдастыру психологиясы мамандығы бойынша - Бизнес психологиясының халықаралық дипломы бар.

Еңбек қызметі:

1989 - 1991 жылдары - технолог-инженер, №152 Шаруашылық есеп жүргізуші ұйымы, Алматы қаласының асханалар мен мейрамханалар тресі.

1998 - 2008 жылдары - «Шаһар» телерадиокомпаниясы, Hit TV, «Energy» радиосы, Алматы қ,, Бизнесті дамыту жөніндегі директор.

2008 - 2022 жылдары - Директор, жеке бизнес, Алматы қ.

1999 жылдан бастап «Отан», «Нұр-Отан», қазіргі «Аманат» партиясының мүшесі.

2016 жылдан бастап Алматы қалалық «Аманат» («Нұр-Отан») партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі.

2012 жылдан бастап – «Ильдаш» Татар этно-мәдени және гуманитарлық даму орталығы» Қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, Алматы қ.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

2020 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

2015 - 2020 жылдары - Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрәйімі.

2016 - 2021 жылдары - «Нұр-Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Алматы қаласы Мәслихатының депутаты.

2016 - 2021 жылдары - Алматы қаласы Мәслихатының тұрақты Комиссиясы төрағасының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі орынбасары.

2016 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін – Алматы қаласы бойынша «Аманат» партиясы Алатау филиалының Партиялық бақылау комитетінің төрәйімі.

2021 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін – «Аманат» партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылғы 24 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

 

Марапаттары мен атақтары:

«ҚҰРМЕТ» ордені (2018 жылғы 14 желтоқсан);

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» (2016 ж.);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.);

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.);

«Татарлардың дүниежүзілік конгресі» медалі (РФ, Татарстан Республикасы, 2018 ж.);

«Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» медалі (2019 ж.);

Мәслихаттың мерейтойлық медалі (2019 ж.);

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаты (2019 ж.);

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаты (2022 ж.);

«Нұр-Отан» Партиялық бақылау комитетінің төрағасынан «Алғыс хат» (2019 ж.)