Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заң таныстырылды

20.10.2025 139

 

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының тұсаукесері өтті.

Заң жобасында Қылмыстық кодекске, Азаматтық кодекске, Кеден кодексіне, «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент заңы», «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Заң жобасының негізгі мақсаттары болып табылады:

авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын нақтылау (ретрансляция бойынша);

көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету (тарату, көпшілікке жеткізу, көпшілік алдында орындау);

қызмет алушылардың өтінімдері бойынша тауар белгілерін жеделдетіп тіркеуді енгізу (7 айдан 3 айға дейін);

тауар белгісі ретінде белгіні тіркеуге қарсы қарсылық беру мерзімін ұлғайту (1 айдан 2 айға дейін);

патенттік сенім білдірілген өкілдердің дараландыру құралдары мен өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша мамандануын енгізу;

тауар белгілерін тіркеуден бас тарту негіздерін нақтылау;

формальды сараптама сатысында өнертабысқа патент беруден бас тарту мүмкіндігін белгілеу.

Заң жобасында құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, оны цифрландыру жолымен, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу көзделген.

 


Бөлісу