Алматы қаласы полиция департаментіне бару
Сенат депутаттары Жанна Бейсентайқызы Асанова мен Сергей Михайлович Ершов Алматы қаласының Полиция департаментіне барып, қаланың көше-жол желісінің шамадан тыс жүктелуі, жол қозғалысын ұйымдастырудың жекелеген проблемалық аспектілері, сондай-ақ қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен күнделікті жайлылығына тікелей әсер ететін ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қиындықтарын талқылады.
Белгіленген бірқатар мәселелер нүктелі шаралар шеңберінен шығатын шұғыл әрі жүйелі шешімдерді талап етеді және мемлекеттік органдар арасында нақты үйлестіруді қажет етеді. Бұл мәселе бақылауға алынды және алдағы жұмыстың, соның ішінде нақты міндеттерді қалыптастыру мен Үкіметке жолданымдар дайындаудың негізі болады.