Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орталық Азия өңірлік мұздықтарды гляциологиялық орталығына бардық

05.01.2026 150

Әріптесім Сергей Михайлович Ершовпен бірге ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орталық Азия өңірлік мұздықтарды гляциологиялық орталығына бардық. Бұл — мұздықтарды мониторингілеу, зерттеу және сақтау мәселелерімен айналысатын бірегей ғылыми-сараптамалық мекеме. Өзінің мәртебесі, мандаты және қызмет бағыты бойынша ол тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі жалғыз орталық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы Орталық Азия өңірлік мұздықтарды зерттеу орталығының мәртебесін жаңарту туралы келісімді ратификациялау туралы заңды Парламент қабылдап, Президент 30 желтоқсанда қол қойды. Бұл Орталықтың қызметіне толыққанды халықаралық-құқықтық негіз беріп, оның жұмысының еліміз бен бүкіл өңір үшін стратегиялық маңыздылығын айқындады.

Кездесу барысында жаһандық климаттық өзгерістерге және Орталық Азияның су қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мұздықтар массивінің қазіргі жай-күйіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Мұздықтардың еруі табиғи процесс болғанымен, ғылыми бағалаулар адамзаттың ерте ме, кеш пе — үйреншікті мұздықтар жойылып, тұщы су тапшылығы теориялық қауіптен мемлекеттер мен қоғамдар үшін нақты сын-қатерге айналатын шындықпен бетпе-бет келуі мүмкін екенін жиі көрсетуде.

Бұл тұрғыда үзік-үзік тәсілдер мен оқшауланған шешімдер логикасынан бас тартудың маңызы зор, өйткені бұл мәселе трансшекаралық әрі жаһандық сипатқа ие және мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Су ресурстарын бүгіннен бастап ұқыпты әрі ұтымды пайдалану мәселелеріне — техникалық суды қайта пайдалану технологияларын енгізуге, коммуналдық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы процестерінде ауыз су мен шаруашылық суының ағындарын бөлуге, сондай-ақ су үнемдеудің тұрақты бағдарламаларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Бұл шаралардың барлығы болашақ ұрпақ үшін таза табиғи суға қолжетімділікті сақтаудың қажетті шарты болып табылады.

Бөлісу