Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Асанова Жанна Бейсентайқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

06.01.2026 148

Асанова Жанна Бейсентайқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу барысында инклюзивті ортаны дамытудың, сондай-ақ білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Барлық санаттағы азаматтар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жандар үшін қолжетімді әрі тең ортаны қалыптастыруға және осы бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар инклюзияны дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі екенін және Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, адами капиталды дамытуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастамалары мен Жолдауларына сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бастамаларын дәйекті түрде іске асыру үшін мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктірудің, сондай-ақ сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығы баса айтылды.

Бөлісу