Депутат Жанна Асанова «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-на барды
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Талқылаудың негізгі тақырыбы медициналық білім берудің дамуына кедергі келтіретін құқықтық кедергілерді жою болды.
Кездесу барысында мемлекеттік сатып алу мәселелері, университеттің сот практикасы және апелляциялық механизмдердің жұмысы басты назарға алынды. Қатысушылар жоғары оқу орындарының әлеуметтік маңызы бар міндеттерді орындау кезінде кездесетін құқықтық қайшылықтары туралы талдамалық баяндама ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірледі. Қатысушылар атап өткендей, мұндай диалог медициналық қоғамдастыққа денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын және болашақ дәрігерлерді даярлау сапасын қамтамасыз ететін заңдардың қалыптасуына тікелей әсер етуге мүмкіндік береді.